
Биология және жаратылыстану семинары
06.05.2022
Ер есімі ел ішінде…
09.05.2022МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ МЕН ДӘРЕТХАНАЛАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ БОЙЫНША АКЦИЯ
«Балаға лайық» мектеп дәретханалары мен асханаларын қадағалау акциясының алғашқы аптасында қазақстандықтар 65 нысандағы сәйкессіздіктер туралы хабарлады.
Еске сала кетейік, акция «Мектепті жақсартуға көмектес!» ұранымен өтіп жатыр. Бірінші кезең 2022 жылғы 27 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.
WhatsApp және Telegram арналарымызға келіп түскен фото және бейнематериалдардың басым бөлігі Түркістан, Алматы және Қарағанды облыстары тұрғындарына. Акция бір апта бұрын басталса да, оқушылар мен ата-аналар белсенді түрде деректермен бөлісіп жатыр. Барлығы 400-ден астам хабарлама келіп түсті.
Гигиеналық құралдардың, жуынатын бөлмелерде қалқалардың болмауы, жылы дәретханалардың жоқтығы, салқын немесе дәмсіз тағамдар және т.б. туралы хабар түсті. Сонымен қатар үлгілі, талапқа сай келетін нысандар туралы ақпарат жіберіп жатыр.
Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, түсіп жатқан ақпараттарды жергілікті басшыларға жібереміз. Бүгінгі күні барлық ескертуді жою бойынша аймақтармен қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Енді мектептер мен колледждерде WhatsApp 8 700 699 04 46 және Telegram-ботқа сілтемелері бар QR-кодтар орналастырылады.

