«Әдебиетке саяхат» атты интеллектуалдық сайысы

2 наурыз күні   8-ші сынып оқушылары  арасында «Әдебиетке саяхат» атты интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Бүгінгі «Әдебиетке саяхат» атты интеллектуалдық сайысы қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында өтті.

Сайыста 8-ші сынып оқушылары  алты  топқа бөлініп өз білімдерін көрсетті.

Оқушылар 4 сайыс бойынша білімдерін ортаға салды.

1.«Бәйге»

  1. «Сөздің көркі – мақал»
  2. «Өлең сөздің патшасы»
  3. «Портреттер сөйлейді» сайысы.

Байқау барысында оқушылар сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдерді толықтырды, өлеңдерді мәнерлеп оқып, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін білдірді, жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Оқушылар байқауға белсенді қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша:

8 «Д» сынып оқушылары жеңімпаз атанды.

8 «Б/1» сынып ІІ орын алды

8 «А» сынып III орынды иеленді.

«Алтын сақа» интеллектуалдық ойыны

Мектебімізде 27 ақпан күні қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері Ибраева Г.Б., Карабасова Д.К. апталық жоспарына сәйкес «Алтын сақа» интеллектуалдық ойынын өткізді. Сайысқа 5 «Б», «Б1», «Б2», «Г», «Е» сынып оқушылары қатысты.

Халықтық рухани бай қазынаның бірі , бірден бір тәрбие құралы –халық ойындары. Солардың бірі ертеден келе жатқан ұлттық ойын-асық.«Алтын сақа» интеллектуалдық ойыны асық ойнау негізінде өткізілді. Бұл ойынның тәрбиелік мәні өте зор.

Ойынны мақсаты орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз еліне, туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

Бұл сайысқа 5 сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгір оқушылары өз білімдерімен сынасты. Сайысқа әрбір сыныптан өздерінің сыныптарының намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысты. «Алтын сақа»интеллектуалдық ойыны барысында оқушыла «Табалдырық», «Әудем жер», « Қозы көш», «Беласар», «Жолайырық», «Алтын көмбе» аттыкезеңдерінде берілген түрлі тапсырмаларға белсене араласып, өз ойларын қазақша жеткізе білді. Оқушыларды ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелеп, танымдық ынтасын арттыратын бұл іс-шара, олардың жауапкершілікпен дайындалып келгендігін көрсетті.

Сайыс өте қызықты болды. Әділқазылар алқасы оқушылардың берген жауаптарын бағалап, жеңімпаздарды анықтап, жеңген топты әділқазы мүшелері марапаттады. Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.